Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қытай Коммунистік партиясы Үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары Ху Хэпинмен кездесті. Тараптар мәдени-гуманитарлық және ақпараттық саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқалады. Жиында екі ел арасындағы бұқаралық ақпарат құралдары, ғылым және мәдениет салаларындағы тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше мән берілді. Өз кезегінде Ху Хэпин қонақжайлық көрсеткені үшін Қазақстанға ризашылығын білдірді.