Астанада «Ел басқару жөнінде» атты кітаптың тұсаукесері өтті

  • 208
  • 29.05.2025, 18:51

Астанада саясаттанушылар мен халықаралық қатынастар зерттеушілеріне арналған «Ел басқару жөнінде» деп аталатын кітаптың тұсаукесері өтті. Еңбектің авторы – Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин. Қазақ тілінде жарық көрген туынды төрт томнан тұрады. Кітап Қытай мемлекетінің саяси бағыт-бағдарын, ұзақмерзімді стратегиялық мақсаттарын түсінуге ұмтылатын қазақстандық оқырмандар үшін құнды дереккөз болмақ. 

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі: 

-Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамыту жолындағы жұмыстарыңыз үшін шынайы алғысымды және ілтипатымды білдіремін. Мазмұны терең, ойы салмақты еңбектің таныстырылымы баршаңызға құтты болсын!