Қазақстан Иранға бидай экспортын жылына 2 миллион тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Үкімет басшысы Олжас Бектенов Иранның ауыл шаруашылығы жихады министрі Голамреза Нури Гезельджемен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылап, белгіленген межеге жету үшін жұмыс тобын құрды. Биылғы 4 айда ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 3 есе өсіп, 116 млн долларға жетті.