Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келді. Қытайдың нөмірі бірінші бортын еліміздің әскери әуе күштерінің жауынгерлік ұшақтары ел шекарасынан бастап Астанаға дейін эскортпен алып жүрді. Мәртебелі мейманды Астана әуежайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі күтіп алды. Трапта құрмет қарауылы сап түзеп екі елдің туын ұстаған жас өрендер қонаққа құрмет көрсетті. Әуежай ғимаратының ішінде Си төрағаны балалар үш тілде қарсы алып, амандық саулық сұрасты. Еске сала кетейік, елімізге ресми сапармен келген Си Цзиньпин ертең Астанада өтетін екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады.