«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына және Еуразиялық экономикалық форумға қатысу үшін Минск қаласына барды»,– деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Айта кету керек, бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтетін IV форум. Соңғысы былтыр Армения астанасында болған. Беларусь ақпарат құралдары хабарлағандай, күн тәртібіндегі басты мәселелер өнеркәсіп кооперациясы мен логистикадағы цифрлық технологиялар.