Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады

Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады
  • 31
  • 01.07.2025, 13:04

Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Кездесуде ШЫҰ аясындағы ықпалдастықты одан әрі дамыту перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан ШЫҰ-ның тиімді әрі теңгерімді халықаралық ұйым ретіндегі рөлін нығайтуға баса мән береді. Бұл қазіргі әлемдік саясаттағы сын-қатерлерге жедел үн қатуға ықпал етеді.

Президент Қытайдың ШЫҰ-ға төрағалығын жоғары бағалап, Ұйым тетіктерін жетілдіруге қолдау көрсететінін айтты.

Бұдан бөлек, Қазақстанның Ұйым аясында ұсынған басты бастамаларын іске асыру жолдары қаралды.