Қ. Тоқаев Конго Демократиялық Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қ. Тоқаев Конго Демократиялық Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
  • 34
  • 30.06.2025, 18:02

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбоны Конго Демократиялық Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

– Бүгінде Конго өзінің іргетасын нығайтуда, азаматтарының ырыс-берекесін еселеуде, сондай-ақ халықаралық сахнадағы мерейін үстем етуде қомақты жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы тұста, Сіздің сындарлы саясатыңыз бен игі бастамаларыңыз мемлекетіңізді биік белестерге жетелей беруіне тілектеспін, – деп жазылған жеделхатта.