Президент мемлекеттік басқару жүйесін реформалау туралы Жарлыққа қол қойды

  • 31
  • 30.06.2025, 18:34

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін реформалау туралы Жарлыққа қол қойды. Енді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына кіреді. Ал бүгін Антикор «Заң және тәртіп» апталығы аясында атқарылған жұмыстары жөнінде брифинг ұйымдастырды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мамандары түрлі мәселелер бойынша 1000-нан астам азаматты қабылдап, оларға құқықтық көмек көрсеткен. Жалпы акция барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері 15 мыңнан астам азаматты қабылдаған.  

Данияр Бегайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

-Идеологиялық құрамдас бөлікке, адалдық мәдениетін, құқықтық сана-сезімді және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау көзқарасын қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Жалпыреспубликалық компания аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, прокуратура, полиция, қаржылық мониторинг органдарының қызметкерлері әкімдіктермен бірлесіп азаматтарды қабылдаулар ұйымдастырды.