Президент Амур облысындағы ұшақ апатына байланысты Путинге көңіл айтты

  • 111
  • 24.07.2025, 17:13

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амур облысындағы ұшақ апатына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты. Бортында 49 адам болған АН-24 «Хабаровск–Благовещенск–Тында» бағытымен ұшқан. Тында әуежайына қону үшін екінші айналымға кеткенде ұшақ радарлардан жоғалып кеткен. Көп ұзамай ұшақ орманда жанып жатқан жерінде табылды. Құтқарушылардың дерегі бойынша ұшақта болған барлық адам қаза тапты.