Елордада «Президент Тоқаевтың дипломатиясы» кітабы таныстырылды

  • 14
  • 12.08.2025, 18:48

Елордада «Президент Тоқаевтың дипломатиясы» атты туындының тұсаукесері өтті. Монографияда Мемлекет басшысының сыртқы саясатқа қатысты ұстанымы қамтылған. Халықаралық байланыс орнату жолындағы маңызды қадамдары мен елеулі оқиға топтастырылған. Мемлекет басшысының Ресей, Қытай, АҚШ және ЕуроОдақ елдерімен ынтымақтастық бағыты баяндалады. Әрі елімізді дамыту жолындағы жылдар бойы атқарған жұмысы туралы жазылған. Жазба ЖОО-ның студенттері мен халықаралық қатынастар саласындағы мамандарға арналған. Жыл соңына дейін туынды қазақ және ағылшын тілдеріне аударылады. 

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары:

-Бұл монография жалпы 30 жылдағы, оның ішінде соңғы 5 жылдағы саяси реформа салдарынан туындаған сыртқы саясаттағы өзгерістердің, тенденциялардың жалпы үлкен ғылыми талдау. Бұны әлі де әрі қарай талдау керек. Не себептен? Себебі бүгінде кейбір қабылданған шешімдердің әсері 5 жылда, 10 жылда сезілуі мүмкін. Сол себептен бұл жақсы монографияның бірі болып есептеледі.