Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады
  • 11
  • 20.08.2025, 09:37

22 тамыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады. 

Бішкекте мемлекеттер басшылары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту мақсатында келіссөз жүргізеді.

Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысады.