Сапар аясында Рустами Эмомали Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевпен де жүздесті. Тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдету жолдарын талқылады. Әңгіме барысында саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың дамуы сөз болды. Сондай-ақ су ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық сын-қатерлерді еңсеру және Аралды құтқару қоры аясындағы бірлескен жұмысқа ерекше назар аударылды. Өз кезегінде Рустами Эмомали Қазақстанның рухани дипломатияға қатысты бастамаларын жоғары бағалап, барлық салада ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін айтты.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-Біздің басты міндетіміз – мемлекет басшыларының деңгейінде қол жеткізілген барлық уағдаластықты тиімді іске асыруға ықпал ету. Бұл тұрғыда парламентаралық диалогты нығайту біздің екіжақты ынтымақтастығымыздың маңызды аспектісі.
Рустами Эмомали, Тәжікстан Республикасының Маджлиси Оли Маджлиси Милли Төрағасы:
-Біз Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы парламентаралық диалогтың дамуын жоғары бағалаймыз. Әсіресе, ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы ерекше мәнге ие. Бұл формат елдерімізді жақындастыруға бағытталған бастамаларды ілгерілетуге мүмкіндік береді. Тәжікстан бауырлас Қазақстанмен қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға әрқашан дайын.