Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Астана халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) аралап көрді. Басқарушы Ренат Бектұров мәртебелі меймандарды Орталық қызметінің нәтижелерімен, АХҚО сотының, Халықаралық төрелік орталығының, Қаржы қызметін реттеу комитетінің және АХҚО биржасының ерекшеліктерімен, сондай-ақ бірегей корпоративтік «Сенім музейінің» жұмысымен таныстырды. АХҚО негізі қаланған сәттен бері 17 миллиард доллардан астам инвестиция тартқан. Орталыққа 85 елдің 4200-ден астам компаниясы резидент ретінде тіркелді.