Блогерлерді бақылау күшейеді  

  • 13
  • 04.09.2025, 19:35

Сенат депутаттары онлайн казиноны жарнамалайтын блогерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды. Тек биылдың өзінде осындай 34 заңбұзушы анықталған. Олардың бірқатарына бұған дейін де айыппұл салынған екен. Жарнамадан қомақты пайда табатын болгерлер үшін айыппұлды төлеп, заңсыз қызметін жалғастыру әлдеқайда тиімді болып тұр. Сондай-ақ әлеуметтік желі белсенділері арасында жалған ұтыс, курс пен күмәнді қаржы айналымдарын насихаттау деректері де кеңінен етек алып отыр. «Бұл құбылыс халықтың қаржылық жағдайына айтарлықтай зиян тигізеді», дейді сенаторлар. 

Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

-Бірінші қазіргі уақытта заңсыз онлайн-казино және күмәнді гивтерді жарнамалаған блогерлерге қолданылып жатқан әкімшілік айыппұлдардан бөлек, қылмыстық жауапкершілік тетігін толыққанды іске қосуды ұсынамыз. Екінші, әлеуметтік желілерде жиі ұйымдастырылатын ұтыс ойындары мен гивтердің заңдылығын тексеру үшін арнайы мониторинг жүйесін енгізу керек. Үшінші блогерлердің жарнамалық қызметін реттеуді және заң алдындағы жауапкершілігін арттыру үшін оларды лицензиялау немесе реестр құру.