Жолдау-2025: жер иесіз қалмауы керек

  • 22
  • 08.09.2025, 14:24

«Әкімдер қайтарылған жердің бәрін келесі жылдың ортасына дейін тұрақты айналымға енгізу керек»,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент 2022 жылдан бері жалпы аумағы 13,5 миллион гектардан астам жер қайтарылды. Бірақ әкімдіктер соның 6 миллион гектарын ғана жаңа жер игерушілерге бөліп бергенін атап өтті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

«Иесін тапқан жер өндірістің ошағына, инвестиция көзіне, қайнаған еңбектің ортасына айналуы қажет. Бұл анық нәрсе. Сондықтан әкімдіктер қайтарылған жердің бәрін келесі жылдың ортасына дейін тұрақты айналымға енгізуі керек. Бұл шара арқылы жайылым тапшылығы мәселесі де шешілуге тиіс. Жалпы жер қатынастарына қатысты заңсыздық пен қағазбастылықты жою қажет. Сол үшін ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәсілдерін түбегейлі өзгерту керек. Осыған орай, жерді бөлуге қатысты шешім цифрлық форматта, электронды конкурстар арқылы қабылдануға тиіс. Үкімет жыл соңына дейін заңнамаға тиісті өзгертулер ұсынуы қажет. Бұл салада цифрлық технологияларды кеңінен қолдану айрықша маңызды. Бұдан бөлек, жер ресурстарының бірыңғай цифрлық картасын әзірлеу керек».