Жолдау-2025: инвесторларға ұсынылатын салық жеңілдіктерін мұқият ойластырған жөн

  • 20
  • 08.09.2025, 14:47

Бас прокуратураның Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитетінің атауын Инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі комитет деп өзгертетін кез келді. «Бұдан бөлек, инвесторларға ұсынылатын салық жеңілдіктерін мұқият ойластырып, байыппен қолданған жөн»,–деді Президент. Бас прокуратура заңсыз актив иелерімен өнімді жұмыс істегенін атап өткен ол нәтижесінде қазынаға 850 миллиард теңгеге жуық қаржы қайтарылғанын айтты. Бұл қаражат он мектеп, төрт спорт ғимаратын салуға, 235 денсаулық сақтау нысаны мен 177 су инфрақұрылымы нысанының құрылысына және жөндеу жұмыстарына бөлінді. Республикалық бюджетке тағы қосымша қаражат түспек.