Қазақстан Премьер-министрі Бішкекте өткен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер делегацияларының басшыларымен ұжымдық кездесуіне қатысты.
Жиында сауда-экономикалық қатынастарды дамыту жайы қаралды. Олжас Бектенов мемлекеттер басшыларының сындарлы саясаты ұйымның стратегиялық негізін қалауға бағытталған маңызды бастамаларды іске асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ ол аталмыш ұйымға мүше мемлекеттердің Үкіметтері басшылары мен вице-президентінің кездесуіне де қатысты.