Ауыл шаруашылығын дамытуға зор мүмкіндігі бар. Сондықтан жасанды интеллектінің элементтерін белсенді қолдануға болады дейді «Ауыл» партиясының депутаттары. Бүгін олар Парламент мәжілісінің кітапханасында Президент Жолдауын талқылауға арналған ашық дәріс ұйымдастырып, құжаттың маңызына кеңінен тоқталды. Әсіресе, экономикалық, әлеуметтік және саяси бастамалардың ел үшін ерекше мәнге ие екенін атап өтті. Шараға Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының магистранттары мен агротехникалық зерттеу университетінің студенттері де қатысты.
Серік Егізбаев, «Ауыл» партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы:
-Біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы көптеген жаңа ұсыныстарды, көптеген жаңа бағыттарды айқындап, айтып берді. Соның ішінде 2027 жылы жалпыұлттық референдумға шығатын мәселелер бар, басқа күнделікті шаруалар бар. Соған жастардың көзқарасы қандай, ұсыныстары қандай, позициясы қандай депутаттар тарапынан жастармен сөйлесіп, ақылдасып, солардың ой-пікірлерін тыңдап, негізгі кездесудің мақсаты - сол.