1978 жылы салынған ғимарат әбден ескіріп, оқу-өндірістік бөлімдерінің тозығы жеткен.
Мұхит Алпысбайұлының колледжде ұстаздық еткеніне алты жылдан асты. Өндірістік оқу бөлімінің мұғалімі сабақты ескі ғимаратты бұрынғы техниканың бөлшектерін пайдалану арқылы түсіндіреді.
Мұхит Алпысбайұлы, Жаркент көпсалалы колледжінің өндірістік оқыту шебері:
- Қазіргі заманауи машиналардың, тракторлардың бөлшектері жоқ.Енді біздің амалдап жатқандарымыз – бұрынғыларды шашып-жинап үйретеміз.Кейінгі әкеп қойған Жигули, иномаркалардың үйден шығып қалған нәрселерді әкеп,қойып, соны ашып көрсетеміз. Жаңа техникалар болса, бұл балаларға қазір нағыз техниканы білгенде өте көп көмегі болатын еді.
Колледжге түсетін студенттер қатары жылдан жылға артып келеді. Биыл олардың саны бес жүзге жуықтаған. Болашақ жұмысшылар шашатараз, автокөлік жөндеуші сынды 8 мамандық бойынша білім алады.
Дамир Бейсен, студент:
- Өндірістік сабақ кезінде осының бәрін түсіндіреді, мұның ішінде «распред вал» болады, осылардың бәрін үйретеді, бірінші курстан бері осының бәрін үйретіп келеді. Осы жерде алған білімімнің пайдасы тиді, мен әкеммен жолда кетіп бара жатқанда көлік бір кезде бұзылып қалды, шықтым да қарадым, сол кезде «распред вал» сынып кеткен екен, аштым да қарадым. Егер мен бұл мамандықты оқымасам, мұны қалай ашу керек екенін білмейтін едім.
2008 жылы оқу ғимаратының іші әрленіп, есік-терезесі ауыстырылды. Кейін жатақхананың бір бөлігі жаңартылған. Биыл көгілдір отынға қосылған мекемеге енді толықтай жөндеу жұмыстары қажет.
Ақжол Қожаханов, Жаркент көпсалалы колледжі директорының орынбасары:
- Білім басқармасына «проектной сметной» документация жасап, соған ақша бөлу үшін заявка берілді. Енді материалдық-техникалық базамыз нығайтса, онда біз жаңа мамандық ашуды жоспарланып отыр. Газ құбырының операторы, кранвощик сондай мамандықтарды ашсақ, көп білім алушы келеді.