Мемлекеттік кеңесші: Қ. Тоқаев әлемдік дамудың үрдістерін көрсетті

  • 185
  • 24.09.2025, 19:44

«Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында жаһандық күн тәртібіне қатысты көзқарасын білдірді. Президент қазіргі әлемдік дамудың терең үрдісін айқындап көрсетті. Бұлардың қатарында сенім дағдарысы, халықаралық құқықтың әлсіреуі, милитаризация, климаттың өзгеруі, технологиялық алшақтық қаупі бар», - деді Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында.

«Мемлекет басшысы бұларды жеке-жеке мәселе ретінде емес, әлемдік қауымдастықтан жүйелі әрі тиімді шешім талап ететін, іргелі сын-қатерлердің біртұтас кешені ретінде қарастырып отыр. Президент биылғы Жолдауда атап көрсеткен Біріккен Ұлттар Ұйымы  реформасының ауқымды жоспарын ұсынды. Онда негізгі басымдық Қауіпсіздік Кеңесіне беріліп отыр.

Атап айтқанда, Кеңесті Азия, Африка және Латын Америкасының ірі мемлекеттері есебінен ротация негізінде кеңейту, сондай-ақ орта державалардың рөлін күшейту қамтылған. Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысын жаңарту, ядролық қарусыздануды қайта жандандыру, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тетіктерін құру сияқты өзекті тақырып көтерілді», - деді Мемлекеттік кеңесші.