Сондай-ақ экономикалық мәселелер жөніндегі Президент көмекшісі қызметінде болған Қанат Шарлапаев та орнын босатты. Мемлекет басшысының өкімімен Президенттің кеңесшісі лауазымынан Ернар Баспаев босатылып, бұл қызметке Бақытжан Сапиев тағайындалды. Сол секілді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына Әлихан Жамсатов тағайындалды. Сонымен қатар Президенттің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі лауазымын атқарып келген Күнсұлу Закария қызметінен кетті. Президенттің кеңесшісі халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменова да орнын босатты.