Олжас Бектенов Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты. Жиында Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық жүйесін, көлік инфрақұрылымын дамыту сынды бірнеше мәселе көтерілді. Әсіресе агроөнеркәсіп кешеніне ден қойылып, салаға қаржылай жәрдемдесу тетіктерін тарту жайы пысықталды. Қазақстан Премьер-министі Олжас Бектенов өз сөзінде экономикалық үдерістерді тереңдетуге және ортақ жобаларды барынша цифрландыруға назар аударды. Отырыс қорытындысы бойынша Одаққа мүше мемлекеттердің экономикалық орнықтылығы нығайтуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылды.