Үкімет басшысы Олжас Бектенов пен Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесу барысында сауда, инвестиция, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және жасанды интеллект саласындағы бірлескен жобалар қаралды. Қазақстан Мажарстанға экспортты 95 тауар түрі бойынша арттыруға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ Будапешт агломерациясында интермодальды жүк терминалын салу бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыру барысы талқыланды. Бұл арқылы Қазақстан Еуропалық Одаққа экспортын кеңейтеді. Олжас Бектенов Қазақстан Үкіметі қол жеткізілген барлық уағдаластықтың сапалы орындалуын ерекше бақылауға алатынын айтты.