Қазақстанда ЖИ туралы заң жобасын қабылдау жоспарланып отыр

  • 19
  • 09.10.2025, 19:35

Қазақстанда жыл соңына дейін «Жасанды интеллект туралы» заң мен Цифрлық кодекс жобасын қабылдау жоспарланып отыр. Қазір депутаттар бұл бағытта белсенді жұмыс істеуде. Астанада өткен алғашқы Taldau Forum аясында Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов осылай деді. Оның сөзінше, Мемлекет басшысының Жолдауында шынайы цифрлық мемлекет қалыптастыру жолындағы нақты бағдарлар белгіленген. Сондықтан бұл құжаттарды уақытылы әзірлеп, қабылдауға үлкен көңіл бөлінуде.

Жақып Асанов, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары:

 -Мемлекет басшысы Жолдауында Қазақстанды 3 жылдың ішінде цифрлық мемлекетке айналдыру міндетін қойды. Бұл үшін ең алдымен, мемлекеттік органдар өз жұмыс процесін саралап, әр қадамды нақты жоспарлауы керек. Сондай-ақ әр бағдарлама бойынша Үкімет деңгейінде жобалық кеңсе құру қажет деп есептеймін. Бұл қосымша құрылым немесе жаңа штат емес, тек Жолдауды іске асыруды үйлестіретін бір орталық болуы керек.