Қасым-Жомарт Тоқаев тәжік елінің басшымен кездесіп, екіжақты және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды. Президент «Орталық Азия – Ресей» саммитіне, одан соң ТМД мемлекет басшыларының кеңесі отырысына қатысады. Қазақстан үшін стратегиялық серіктес Тәжік елімен ынтымақтастық қандай және саммиттен не күтеміз?
Точикистон Парсы тілінен аударғанда тәжіктер елі деген маңына береді. Арғы бабалары біздің заманымызға дейінгі 6-4 ғасырларда, яғни Ахеменидтер дәуірі кезінде өз елін Ареанам Ваеджа деп атаған. Көне парсы тілінде Арийлер елі дегенді білдіреді. Жер аумағы жөнінен Орталық Азиядағы ең шағын ел болғанымен, табиғи ресурстары мол. Ел аумағының 90% таулы жер. Тәжікстан Орталық Азия өңірінің оңтүстіктегі шебі десек те болады. Елдің астанасы Душанбе ертең Орталық Азия Ресей самммитін және ТИД мемлекет басшыларының кеңесі сынды екі үлкен халықаралық іс-шараны өткізеді. Екі күн бойына көшелерді көркемдеп, келетін меймандардың құрметіне 2 млн гүл отығызылыпты. Шырайлы шаһардың құшағы бүгін қазақ президентіне ашық. Қасым-Жомарт Тоқаев мінген кортеж Тәжікстан президентінің резиденциясы Қасри милләт сарайына бет алды. Эмомали Рахмонмен кездесуде мемлекет басшылары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екендерін растады. Әуелі Қазақ-Тәжік қатынасына бір мысқал тоқтала кетейік. Байланыстардағы басты бағыт алыс-беріс десек, оның қарқыны жақсы.
Саян Сұңғатов, Qaztrade сауда саясатын дамыту орталығының аға сарапшысы:
- Соңғы 5 жылда тауар айналымы 53% артқан. Одан бөлек жақында екі ел президенті алға жоспар құрды: өзара тауар айналымын 2 млрд АҚШ долларына дейін жеткізу мақсат етіп қойылды.
Былтыр екі ел арасындағы тасымал көлемі 8% өсіп, 5 млн тоннадан асты. Биыл жарты жылдың өзінде 12% артып, 2,7 млн тоннаның өнімі тасымалданды. Әсіресе көлікпен тауар жеткізу 45% өсіп, жарты млн тоннаның жүгі жеткізілді. Қазақстан тәжік еліне 85 тауар түрі бойынша экспортты ұлғайтпақ. Старегиялық қатынастардың бір парасы ортақ тарихи мәдени байланыстар. Тәжіктер парсы текті жұрт болғанымен бізге бауырлас халық. Дүниетанымы, мәдениеті мен салт санасы жақын.
Яхия Қажы Исмаилов, дін қайраткері:
-Тәжік халқы мен қазақ халқының мәдениеті, салт-дәстүрі, көбі 90% бірдей келеді. Халықтың достығы, халықтың қарапайымдылығы, еңбекқорлығы, қонақжайлығы, тілінің өзі философия жағынан 70% тіл келеді екен.
Енді ертеңгі саммитте қандай мәселелер қозғалады деген сұраққа келсек. Сарапшылар іргелі басқосуда саяси серіктестік, экономикалық ықпалдастық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері күн тәртібінің негізгі сұрақтары болады деп топшылайды.
Еркебұлан Әнуарбекұлы, Саясаттану және конфликтология ғылымдарының PHD:
-Қауіпсіздік мәселелеріне қатысты риторика мен саясатта бірқатар өзгеріс болуы мүмкін. Соның ішінде бірінші аймақтық қауіпсіздік басымдығы артады деген сөз ол Тәжікстанмен жалпы ОА елдері терроризм, экстремизм және шекаралық қауіптерге қарсы бірлескен әрекеттерді күшейтуі мүмкін. Екінші бұл шекара қауіпсіздігін күшейту. Яғни Ауғанстанмен шекаралас аймақтарда бақылау және әскери дайындық. Шекара әскерінің әлеуеті артуы мүмкін.
Сарапшы атап өткендей біздің ел де, көршілер де қауіпсіздікті күшейтуге барынша мүдделі. Ал Қасым Жомарт Тоқаев Орталық Азия саммитіне қатысу үшін Қабылдаулар сарайына барды. Онда Мемлекет басшылары бірлескен суретке түсті.
Берік Дүйсенбай