Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичиге құттықтау хатын жолдады

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичиге құттықтау хатын жолдады
  • 11
  • 21.10.2025, 19:32

Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичиді Премьер-министр лауазымына сайлануымен құттықтап, Жапонияның игілігі жолындағы бастамаларына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар Президент Қазақстан-Жапония қарым-қатынасын одан әрі нығайтып, екі елдің стратегиялық серіктестігін жаңа деңгейге көтеру үшін бірлесе күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін жеткізді.