Астанада Егемендік декларациясы 35 жыл толуына орай конференция өтті

  • 17
  • 23.10.2025, 19:42

Астанада ел тарихындағы аса маңызды құжат Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай ғылыми-практикалық конференция өтті. Ғалымдар мен сарапшылар құжаттың тарихи мәнін талқылау барысында саяси институттарды одан әрі дамыту, әлеуметтік-мәдени құндылықтарды нығайту және Әділетті Қазақстанды құру жолын айқындауға тоқталды. Жиынға түрлі елден келген 250 делегат қатысты. Сондай-ақ конференцияда көпшілікке ғылыми зерттеулер ұсынылып, елдің алдағы бағыт-бағытын айқындауға арналған идеялар ортаға салынды.

Күнсұлу Исинова, ҚР Президент орталығы мәдени және білім беру жобалары қызметінің басшысы:

-Бұл декларация – Қазақстанның дамуының басты фундаменті. Жалпы бүгінгі конференцияда жиналған қауым декларацияны қабылдаудың басты тарихи кезеңдерін талқылайды. Конференция жұмысының соңында түскен ұсыныстарға байланысты қарар қабылданады.