Республика күні мерекесінде Абай облысында 100-ден астам мәдени-ағарту және спорттық шаралар өтеді. Мерекелік концерт пен көрме-жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Аудандар мен ауылдық округтерде де түрлі іс-шара жоспарланған. Әр салада еңбек етіп жүрген үздік қызметкерлер марапатталады. Құрылғанына 3 жыл болған облыстың тұрғындары ұлт бірлігінің нышанына айналған Республика күнінің мән-маңызын жақсы түсінеді.