Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, Ақ үйде Дональд Трамппен кездеседі. Қазір сарапшылар мен саясаткерлер онда қандай мәселелер қозғалатынын жарыса талқылап жатыр. Америкалық сарапшылардың айтуына қарағанда, бұл АҚШ үшін стратегиялық маңызы бар іс-шара. Әрі екі ел арасындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін береді. Жиында Қазақстан Құрама Штаттармен ірі келісімдер жасауы тиіс. «Өйткені Қазақстан – АҚШ-тың Орталық Азиядағы негізгі серіктесі», - дейді сарапшылар.
Эрик Руденшильд, Каспий істері жөніндегі ғылыми қызметкер:
- Бұл кездесу өңірді жаһандық деңгейге көтеруге, экономиканы батысқа бағыттауға жол ашады. Солтүстікке Ресей арқылы, шығысқа Қытай арқылы шығу оңай, бірақ батысқа жету үшін инвестиция қажет. Бұл саммит Орталық Азия елдері үшін АҚШ-пен ең жоғары деңгейде байланыс орнатуға жол ашады.