Мәслихаттың салмағы арту керек – Айдос Сарым

  • 13
  • 07.11.2025, 19:42

Жиынға қатысқандар өңірлердегі атқарушы органдардың мәслихат депутаттары алдында есеп беруін арттыруды, өңірдің бюджеті мен салықтық түсімін басқаруды қарастырды. «Мұндай жүйе биліктің ашықтығын қалыптастырады»,– дейді Мәжіліс депутаты Айдос Сарым. Басқосуда айтылған ұсыныстар «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде ескеріледі. «Осы бастаманы көтерген депутаттар Мәслихаттың аудан, облыс өміріндегі салмағы жылдан жылға артуы қажет»,– деп санайды.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Біздің облыстағы, аймақтағы саяси өмір де кішкене жандануы керек. Мысалы, аудандық бюджет, қалалық, облыстық бюджет деген мәселе кәдімгі қоғамның назарындағы үлкен мәселе болуы керек. Сол кезде жемқорлық азаяды, сол кезде талап өзгереді. Сонда ғана біз кішкене болса да, осы қазір республикалық дәрежеде болып жатқан үлкен өзгерістерді аймаққа жеткізе аламыз деп есептеймін.