Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Астанада өтетін Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысады. Жиын барысында аграрлық саланы дамытудың өзекті мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.
Ал апта соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барады. Мемлекеттер басшылары тет-а-тет форматында келіссөз жүргізіп, Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысына қатыспақ.