Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев сапар барысында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен және Ассамблеяға қатысушы елдер парламенттерінің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді. Жиында ТМД-ның жаңа сын-қатерлерге бейімделуі, цифрлық құқықтар мен жасанды интеллектіні реттеу мәселесі талқыланды. Қазақстан бастамашы болған отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы модельдік заң мақұлданды. Сонымен қатар Ресей, Тәжікстан және Беларусь Парламент басшыларымен ынтымақтастықты тереңдету бағытында келіссөздер жүргізілді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-Біздің мақсатымыз ортақ – Достастықты жасампаздық пен өрлеудің, жаңа идеялар мен мүмкіндіктердің кеңістігіне айналдыру. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы халқымыздың болашағы үшін өзара сыйластықты, сенім мен ортақ жауапкершілікті сақтау институты ретінде қажет ұйым. Осы ретте ТМД Парламентаралық Ассамблеясы аясындағы бірлескен қызметіміз мемлекет басшылары айқындап берген негізгі басымдықтардың жарқын көрінісі екені анық.