Елде электросамокат міну тәртібі қатаңдайды. Қос дөңгелекті көлікке арнайы номер тағу міндеттелуі мүмкін. Бүгін Мәжілісте жаңа түзету талқыланды. Депутаттар сондай-ақ цифрлық кодексті екінші оқылымда қабылданды. Құжатты қарау кезінде жұмыс тобына 163 түзету келіп түскен.
Цифрлық кодекс. Аталмыш жұжатты қарау кезінде жұмыс тобына 163 түзету келіп түскен. Бүгінде бірқатар ұсыныс айтылды. Заң жобасында жеке тұлғаның, мемлекеттің қауіпсіздігін арттыру тетіктері қамтылған. Тағы бір жаңашылдық электрондық құжаттар түпнұсқамен теңестіріліп, ақпаратты қорғау жүйелері күшейтіледі. Бұдан бөлек заңға смарт-келісімшарттар ұғымы енгізіліпті.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы: - Мемлекет басшысының қойған міндеті үш жылда Қазақстанды цифрлы мемлекетке айналдыру бастамасына үлкен бір қадам жасадық деп ойлаймын. Біз құқықтық базаны қалыптастырдық. Өткен жолы біз ЖИ туралы заңды қабылдадық. Бүгін цифрлық кодексті қабылдадық. Ұйымадстырған азаматтарға үлкен ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ Қазақстан мен OPEC Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы келісім де қаралды. Аталмыш ұйым 2030 жылға дейінгі 200-ден 400 млн долларға дейін бөлуді жоспарлауда. Қор әдетте энергетика, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, білім беру және денсаулық сақтау сияқты салалардағы жобаларды қаржыландырады.
Тұмау бәсеңдеді
«Айтпақшы, елімізде тұмауға қатысты жағдай түзеліп келеді»,- дейді мамандар. Бұл туаралы денсаулық сақтау министрлігі Мәжіліс кулуарында мәлімдеді. Қыркүйек айынан бері 2 млн 200 мың ЖРВИ жағдайы тіркелген. 70% жуығы 14 жасқа дейінгі балалар. Ал соңғы аптада ауру көрсеткіші 15% төмендепті. Дегенмен бақылау және шектеу шаралары әліде жалғасады. Бүгінгі таңда тұмау емес вирустарда анықталып отыр. Бүгінгі таңда 13 аймақта қашықтықтан оқыту шешім қабылданған. 644 мектеп, 7 мың сыныпта қашықтықтан оқыту.
Электросамокат міну тәртібі күшейтіледі
Елімізде электросамокат міну тәртібі күшейтіледі. Мәжіліс «Заң және тәртіпті» нығайтуға бағытталған кезекті өзгеріс пен толықтыруларды талқылады. Заң жобасында электрсамокаттарға арнайы нөмір тағу көзделген. «Шағын қозғалыс құралы болғанымен, ол да көлік»,- дейді мамандар. Оны ендігі уақытта он сегіз жасқа толмаған және көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамның тізгіндеуіне рұқсат етілмейді. Тіпті жалға алып мінушілер де осы талапқа бағынуы тиіс. Себебі биылдың өзінде электросамокаттың қатысуымен 360-тан астам жол апаты тіркелген. Жүзге жуық адам жарақаттанған. Игорь Лепеха, ҚР Ішкі Істер министрінің орынбасары:-Біз үлгі нөмірін әзірлейміз. Ол мемлекеттік тіркеу нөмірі болмайды. Бұл әр компания үшін түсінікті, сәйкестендірілетін нөмір болады. Егер тәртіп бұзса, жазатайым оқиға болса, куәгерлер осы нөмір арқылы жүргізушіні анықтай алады.
Айта кетейік, қазіргі қолданыстағы нормалар бойынша электросамокаттың жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспауы тиіс. Ал жаяу жүргінші жолағында және аулаларда бұл шектеу 6 км. Сондай-ақ жүргізуші қорғаныс құралдарын пайдалануы шарт.
Ердәулет Ыбырайұлы, Айдос Меделбеков