Президент Алматыда БҰҰ университетінің өңірлік филиалын ашуды ұсынды

  • 8
  • 19.12.2025, 18:33

Президент Алматыда БҰҰ университетінің өңірлік филиалын ашуды ұсынды. «Оның қызметін, ең алдымен, су және климат қауіпсіздігі, қақтығыстарды реттеу, бітімгерлік, орнықты даму мен жасанды интеллектіні басқару мәселелеріне бағыттауға болады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Айта кету керек, Біріккен Ұлттар Ұйымының университеті БҰҰ Бас Ассамблеясы құрған жаһандық зерттеу және білім беру орталығы.. Штаб-пәтері Токиода орналасқан университет құрамына әлемнің 12 еліндегі 13 институт кіреді.