2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды

  • 120
  • 06.01.2026, 18:31

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Құжатқа сәйкес ел Үкіметі барлық қажетті шараларды қабылдауға міндеттеледі. Ал жұмыстың орындалуын Президент әкімшілігі бақылайды. Жарлық бүгіннен бастап күшіне енді.