Президент Ұлттық құрылтайдың қызметіне белсене атсалысып, реформалардың табысты жүзеге асырылуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады.
Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына атсалысқан азаматтарға «Барыс», «Парасат», «Ел бірлігі», «Құрмет» ордендері мен «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медалін табыстады. Сондай-ақ «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.