Әлемдік БАҚ Президент бастамаларына назар аударды

  • 6
  • 21.01.2026, 21:53

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда айтқан бастамалары шетелдік ақпарат құралдарының да назарын аудартты.

The Times of Central Asia басылымы Мемлекет басшысы ұсынған вице-президент қызметін енгізу және бірпалаталы парламентке көшу реформаларын қолдады. «Әрі бұл мемлекеттік басқару жүйесін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған қадам», - деп бағалады. Дегенмен басылым реформалардың түпкілікті тиімділігі олардың іс жүзінде қалай жүзеге асатынына және саяси институттар арасындағы тепе-теңдік ықпалына байланысты болатынын атап өтті.

Айта кетейік, The Times of Central Asia – Орталық Азиядағы саяси, экономикалық және әлеуметтік үдерістерді халықаралық аудиторияға ұсынатын тәуелсіз ағылшын тіліндегі интернет-басылым.