Нұрай Серікбайдың өлімі: Президент Бас прокурорға тапсырма берді

  • 11
  • 21.01.2026, 21:48

Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Нұрай Серікбай есімді бойжеткеннің қазасына қатысты пікір білдіріп, салалық министрлікке департамент өкілдерінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырды. Бас прокурор да істі мұқият тексереді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Ұлттық құрылтайға осы оқиға бойынша 130-дан астам өтініш келіп түсті.  Күдіктінің Нұрайды аңдып, маза бермей, қоқан-лоқы көрсеткені анықталып отыр. Ақыры мұның арты адам өліміне әкеп соқтырды. Осыған байланысты Ішкі істер министріне Шымкент қалалық департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырдым. Бас прокурор да бұл мәселені мұқият тексереді.