Президент «Ұлттық цифрлық мұра» қорын құру бастамасын қолдайтынын айтты

  • 17
  • 22.01.2026, 21:44

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында халықтың тарихи жады мен ғылым-білімін жүйелейтін «Ұлттық цифрлық мұра» қорын құру бастамасын қолдайтынын айтты. Бұл жоба ұлттық құндылықтарды сақтауға және оларды терең зерделеуге мүмкіндік береді. Жаңа қор e-Архив, e-Кітапхана, e-Culture, e-Museum секілді қолданыстағы жүйелермен, сондай-ақ мемлекеттік, ғылыми және білім беру ұйымдарының дерекқорларымен біріктіріледі. Қазіргі таңда Ұлттық архив қорының 2 миллион 600 мыңнан аса құжаты цифрландырылған. Сонымен қатар «Qazaq Culture» платформасы 8 тілде жұмыс істеп тұр.  

Ыбрайым Бабаев, ҚР МАМ Ұлттық архив қорын пайдалану және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы: 

-Қазіргі таңда біз e-Архив бағдарламасына аса құнды құжаттарды цифрландырып енгізіп жатырмыз. Кез келген адамға ол әрине қолжетімді. Дегенмен халықаралық және отандық стандарттар шеңберінде құжаттардың барлығын пайдалануға құқықтық ретінде ғана пайдалана алады. Кез келген адам көшірмесін ала алмайды. Оларды бақылау, жүйелеу министрліктің үлесіне енгізілген.