Ұлттық құрылтайда айтылған ұсыныстар ескерусіз қалмады

  • 14
  • 26.01.2026, 21:38

Ұлттық құрылтай ауқымды реформалардың негізгі қозғаушы күші болды. Келелі жиындардың барлығында да ел өміріне ықпал еткен маңызды бастамалар көтерілді. Соның нәтижесінде ауқымды мәселелер шешіліп келеді. Оның ішінде жаңадан құрылған Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарына қолдау көрсетіліп, тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру басты назарға алынды. Салық кодексі мен шекаралық аймақтардағы елді мекендерді дамыту Үкімет пен Парламенттің бақылауында.

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Осы заң қабылданатын болса, онда шекара маңында орналасқа 65 ауданның 3,5 млн-ға жуық халқының тұрмысы жақсаратын болады. Міне, осындай игі істер ұлттық құрылтайда жүзе асып жатыр.  

Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бизнес көбінесе салық төлемей келді, бытыратып. Ірі компаниялар ақша төлемей келді. Сосын үлкен проблема бізде азаматтар жұмысқа тұрады, басқасы, бірақ, оны салық кодексінен қашамын деп адамдарды дұрыс жұмысқа алмайды. Айлығын төлемейді. Осының бәрі реттелетін болады.