Мемлекет басшысы Израиль Президентіне Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күніне орай жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Израиль Президентіне Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күніне орай жеделхат жолдады
  • 9
  • 27.01.2026, 10:00

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қазақстан халқы Холокост жылдарында қаза болған миллиондаған жазықсыз құрбанды еске алатынын атап өтті.

– Еліміз этникалық және діни өшпенділік пен зорлық-зомбылықтың кез келген түрін қатаң айыптайды, адамзатқа қарсы мұндай қылмыстың қайталануына жол бермеу жөніндегі халықаралық қоғамдастықтың ортақ күш-жігерін қолдайды. Қазақстан Холокост жылдарында жер аударылған көптеген еврейге мекен болды. Бүгінде еврей қауымдастығы қоғамымыздың ажырамас бөлігі саналады, – делінген жеделхатта.