Ғалым: Конституциялық реформа – дамудың жаңа бағыты

  • 364
  • 29.01.2026, 11:21

Қазақстандағы конституциялық реформа – елді өзгеріске жетелейтін дамудың жаңа бағыты. Құрылтайда көтерілген мәселелерді мұқият зерттеген Лилль Католик университетінің саяси коммуникациялар профессоры Оливье Арифон осылай дейді.

Ғалым бұған дейін Қазақстанның әлемдік аренадағы рөлі жайлы кітап жазған. Профессор елімізде халық мүддесі үшін жүргізіліп жатқан өзгерістер уақыт өте өз нәтижесін беретініне сенімді. Алдағы уақытта ол Қазақстандағы саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерді кеңінен қамтитын тағы бір кітап жазуды жоспарлап отыр.

Оливье Арифон, Лилль Католик университетінің профессоры:

- Мен Қазақстанда үш рет болып, Астана және Алматы қалаларын көрдім. Елдің «Орта держава» ретінде қалыптасуын зерделеп, оқырманға ұсындым. Реформаларды жүзеге асыру кезінде билік азаматтардың мүддесін ескеруге, халықтың пікіріне құлақ асуға және оларды осы процеске тартуға тырысады. Азаматтардың консультативтік кеңесін құру бірпалаталы парламенттік жүйеге көшу жолындағы тиімді қадам деп есептеймін.