ЖСДП Саяси кеңесі реформаны қолдайды

  • 333
  • 02.02.2026, 21:41

Бүгін жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының саяси кеңесі кеңейтілген отырыс өткізіп, жаңа Конституция жобасын жан-жақты талқылады. Сондай-ақ негізгі ережелерін бірауыздан қолдайтынын мәлімдеді. Кеңес мүшелері өз ұсыныстарының тиісті комиссияда қабылданғанын атап өтті. Бірпалаталы Парламент жасақтап, онда маңызды қызметтерге азаматтарды тағайындау, бюджет мәселесін талқылау және өзге де ауқымды мәселені қарау – партияның көп жылдан бергі бастамасы. Әр өңірдегі белсенділерден жиналған ұсыныстар алдымен жұмыс тобында, кейін Конституциялық реформа жөніндегі комиссияға жолданған. Алайда өзгертулер енгізілген Ата Заң жобасы көпшіліктің қатысуымен өтетін референдумда қабылданатынын жеткізді. 

Мақсұт Насибулов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы саяси кеңесінің мүшесі:

- Біздің басты ұсыныстарымыздың бірі Парламенттің Үкіметке деген сенімсіздік вотумын білдірту мәселесін көтердік. Ол да енгізілді. Қазіргі таңда талқылау, осы уақытқа дейін біз анализ жүргіздік. Әрі қарай біз тереңдете анализ жасап, өзіміздің мүмкін ұсыныстарымыз болса, оны береміз.