AMANAT партиясы жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

  • 340
  • 02.02.2026, 21:54

AMANAT партиясы жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді. Партия фракциясының отырысында депутаттар мемлекеттің алдағы уақытта орнықты дамуы мен қоғамды ұйыстырудағы бұл құжаттың тарихи маңызын атады. Фракция Негізгі заң жобасына толық қолдау білдіріп, оны түсіндіруге және қоғамдық талқылауға белсенді қатысуға дайын екенін мәлімдеді. Депутат Бақытжан Базарбек пропорционалды сайлау жүйесін енгізудің маңызын атап өтіп, ол саясаткерлердің сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін арттыратынын айтты. Ал Қайрат Балабиев «Заң мен тәртіп» қағидаты жазалаудан емес, отбасындағы тәрбиеден және зорлық-зомбылық пен құқықбұзушылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастырудан басталатынын жеткізді.