Елордада Respublica партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты ресми позициясын айқындады. Партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров бұл ұсыныстар тек түзету емес, мемлекет пен азаматтар арасындағы жаңа қоғамдық келісім екенін атап өтті. Жиынға саяси кеңес мүшелері, Парламент пен мәслихат депутаттары, әйелдер мен жастар қанатының өкілдері қатысты. Олар құжатты азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, әділетті әрі берік мемлекет құруға бағытталған маңызды қадам деп бағалады. Жалпы талқылауда партия бірауыздан жобаны қолдап, азаматтарды елдің болашақ Негізгі заңын қалыптастыруға атсалысуға шақырды.