ҚХП Конституция жобасын мақұлдайды

  • 323
  • 03.02.2026, 09:14

Конституциялық реформа азаматтардың ел өміріне белсенді араласуына жол ашады. Сондықтан Қазақстан Халық партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясының мүшелері жаңа Конституция жобасын қолдайтындарын айтты. Құжатты талқылауға арналған жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған өзгерістердің маңыздылығы сөз болды. Партия өкілдері жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын күшейтеді деп есептейді.