Саяси ұйым өкілдері бұл құжаттың құқықтық мемлекетті нығайтып, Қазақстанның одан әрі дамуы үшін маңыздылығына тоқталды. Партияның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының төрағасы Серік Егізбаев жаңа Конституция жобасының басым бағыттарын атап өтті. Айтуынша адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты басымдығы ретінде айқындалған. Бірлік, ұлтаралық және дінаралық келісім мемлекеттік құндылық деп көрсетілген. Барлық өзгеріс елдің құқықтық жүйесін заманауи талаптарға сай нығайтуға бағытталған.