«Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері де жаңа Конституция жобасын талқылады. Саяси ұйымның Ұлттық кеңес президиумы мен партияның парламенттік фракциясының бірлескен отырысы өтті. Қатысушылар елдің басты құқықтық құжатында ұлттық мүдделер мен құндылықтарға ерекше назар аударылғанын атап өтті. Мәселен, оның мазмұнында егемендікті қорғау, мемлекеттің зайырлы сипаты, сондай-ақ отбасы мен неке ұғымының жаңа анықтамасы сияқты ережелер қамтылған.