Қосшы қаласында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жаңа Конституция мен кешенді реформаларды талқылауға арналған сараптамалық кездесу өткізді. Депутаттар, заңгерлер мен ғалымдар жастардың шешім қабылдау үдерісіндегі рөлін арттыру және конституциялық өзгерістердің ел дамуына ықпалын талқылады. Жаңа Конституция жобасында білім, ғылым және адам құқықтары басты назарға алынған. Сарапшылар бұл бастама жастар саясатын жүйелі дамыту мен стратегиялық ұзақ мерзімді шешімдерді қабылдауға септігін тигізеді деп отыр.
Гүлісхан Нахбаева, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры:
-Қазір үлкен саяси үрдістердің алдында тұрмыз. Оның бір бөлігі әрине жастар болып келеді. Жастар еліміздің 30 пайызын құрайды. 5,8 млн жастар болса, әрине олар түрлі форматта өздерінің ұсыныстарын белсенді беруде. Олар жалпы мемлекетпен бірге шешім қабылдауға дайын екенін көрсетіп отыр.