Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

ЖСДП бастауыш ұйымдарының өкілдері Астанада бас қосты

  • 578
  • 05.02.2026, 19:34

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы бастауыш ұйымдарының өкілдері Астанада бас қосты. Жиынға қатысушылар Конституциялық реформаның негізгі бағыттарын талқылады. Елдің қоғамдық-саяси дамуы үшін бұл өзгерістердің маңызды екендігіне тоқталды. Сондай-ақ құжаттағы әлеуметтік сала, еңбек қатынастары және мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты пікір алмасты. Партия өкілдері енді өңірлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. 

Талғат Омаров, ЖСДП Астана қаласы бойынша филиалының төрағасы: 

-Қазір талқыланып жатқан Конституцияның жобасын біз қолдап жатырмыз. Осы жиыннан кейін біз бастауыш партия ұйымдарының арқасында көп аумақты қамтимыз. Ол ауыл, ол өнеркәсіп орындары. Солармен біз түсіндіру жұмыстарын жалғастырамыз.